Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаманға ермегенім, қысқа кимегенім – сіздің тәрбиеңіз...”: Тамара Асар марқұм ағасын есіне алып, әсерлі жазба жариялады

08:48, 22 шілде 2025 976

Әнші Тамара Асар желідегі парақшасында әсерлі жазба қалдырып, марқұм ағасы Жақсылық Жанғазиев жайлы естелігін бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Адал да әділетті, жан-жағынан жақсылығын аямаған Жақсылық деген ағам осыдан қырық күн бұрын өмірден өтті. Орденді мұнайшы, іскер басшы, жер ананың бауырында жанталаса тірлік кешкен, пенде атаулының арасында, бүкіл болмыс бітімі өзгеше жаратылған, дара тұлға, көш бастайтын кемеңгер,қол бастайтын батыр, ақыл-ойға өріс жасайтын мен үшін ғұлама Жақсылық Жанғазиев қоғам қайраткері, Қазақстан мұнай саласына еңбегі сіңген мұнайшы!  Мені үлкен өмірге тәрбиелеген сүйікті ағам, жанашырым. Мен сізді қатты жақсы көрдім. Атыңызға кір келтірмеймін деп жүргенде тұлға болып қалыптасқанымды да байқамай қалдым. Сол үшін бас ием алдыңызда. Менің барлық жеке концерттерімнің жүру барысын, ұйымдастыруын, сценарийлерін әуелі осы кісі көреді, рұқсатын беріп, бекіткеннен кейін ғана жұмыс басталатын. Сырттан маған жетекшілік ететін. Айтқан сөздерімді, өткізген шараларымның ескертулерімен мақтауларын өз әке-шешемнен кейін осы кісімен үйіндегі Жұмағайша жеңгемнен күтетінмін… Қисық жүрмегенім, жаманға ермегенім, қарқылдап күлмегенім, қысқа кимегенім, нәпсіні сүймегінім, бөсіп сөйлемегенім бәрі сіздерден көрген өнегем мен тәрбием, аға. Жалы биік азаматты, жаны жылы жамағат болып, шығарып салдық. Лайымда елге жасаған жақсылығыңыз ұрпағыңызға қайтсын. Жаныңыз жәннатта болсын Жақсылық аға», - деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар