Сейфуллин даңғылында кейбір учаскелер жабылады

Сейфуллин даңғылында кейбір учаскелер жабылады
almaty-akshamy.kz

Автокөліктердің қозғалыс схемасындағы уақытша өзгерістер туралы

Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасының ақпараты бойынша 29 қыркүйек сағат 23-00-ден 30 қыркүйек сағат 23-00-ге дейін «Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» жобасы аясында *инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тобаяқов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі учаскедегі Сейфуллин даңғылының бойындағы қозғалыс толығымен жабылады.

Жабық учаскені Тобаяқов к-сі, Жансүгіров к-сі және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады. 
Айта кету керек, аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 7 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.

Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы-жол телеграм арнасында https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара.Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.