Кешкі алтыдан кейін ас ішпеу дұрыс па?

Кешкі алтыдан кейін ас ішпеу дұрыс па? Сурет: Stopfake.kz

Әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында 18:00-ден кейін тамақ ішпеуге кеңес берілген хабарламалар тарап жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мұндай диета салмақты азайтып қана қоймай, сонымен қатар сауығуға көмектеседі. Stopfake.kz бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, яғни,  миф екендігін жариялады.



18:00-ден кейінгі тамақтану өте зиянды және артық салмақтың тез өсуіне әкеледі деген теорияның ғылыми негізі жоқ және 23:00-де жатып, 6:00-де тұратын қарапайым адамның «классикалық» күн тәртібіне сүйенеді. Қазірдің өзінде ескірген және жоққа шығарылған теорияға сәйкес, осы режимде соңғы рет сағат 18:00-де тамақтану арқылы 12 сағат бойы аш жүру кезеңі қалыптасады. Бұл салмақ жоғалтуға ықпал етеді екен.


Шындығында, біріншіден, тамақ ішу мен аш жүру арқылы салмақ жоғалтуға болатынына ғылыми негіз жоқ. Екіншіден, егер адам 23:00-де емес, 2:00-де жатып, 10:00-де тұрса, онда 18:00-ден бастап аш жүрудің ешқандай пайдасы жоқ.


Сонымен қатар ғалымдар салмақ жоғалту үшін сағаттарды емес, калориялар жинау мен жоғалтуды есептеген жөн деген қорытындыға келді.


Нутрициологтардың пікірінше, ақуыздар, майлар және көмірсулар арақатынасын сақтай отырып, әр екі-төрт сағат сайын тұрақты тамақтанған дұрыс.


Бұл ретте тағам тәулік уақытына қарамастан бірдей қорытылады.


18:00-ден кейін тамақтан бас тарту ағзаның сауығуына ықпал ететініне ғылыми дәлелдер жоқ. Керісінше, мұндай қатаң шектеулер тамақтану тәртібінің бұзылуына, «рұқсат етілген» уақытта шамадан тыс тамақтануға және бұзылуларға әкелуі мүмкін.


Олай болса, денсаулықты жақсарту және артық салмақтан арылу үшін кешкі алтыдан кейін тамақ ішпеу бойынша кеңестер негізсіз.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49

10:46

09:37

09:33

09:29

09:20

09:00

08:45

08:34

08:19

19:52

19:12

19:06