Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тамақтан уланып қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы премьер-министрдің кеңсесі ресми түрде мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, Биньямин Нетаньяху 20 шілде күні түнде өзін нашар сезінген. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, тамақтан улануына байланысты ішектің қабынуы деген диагноз қойған.
Қосымша тексерулерден кейін дәрігерлер премьер-министрдің жағдайын жақсы деп бағалады. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр. Алдағы үш күн бойы үйінде болады.
Айта кетейік, Биньямин Нетаньяхуға қатысты бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Денсаулығына байланысты осы аптаға жоспарланған сот отырыстары кейінге шегерілді.