Жетісу облысында қауіпті 61 учаске және 416 мұздақ көл бар

Жетісу облысында қауіпті 61 учаске және 416 мұздақ көл бар Сурет: Baribar.kz

Мұздақ-мұздық көлдер мен қар көшкіні қаупі бар учаскелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында Жетісу-Алатау тау жотасына аэровизуалды тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.





ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, әуеден барлау жұмыстарына Жетісу облысы әкімінің орынбасары А.А. Жақанбаев, Жетісу облысы ТЖД бастығы Б.Ш. Ізбасаров, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалы басшысының м.а. А.С. Сабырбаев және ТЖД ТЖААБ бастығы Р. Т. Тазабеков қатысты.



«Бүгінгі таңда таулы жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 70-тен 150 см-ге дейін. Қар көшкінінің өздігінен түсуі анықталған жоқ. Гидрологиялық жағдайлар тұрақты, мұздақ көлдер қысқы режимде, таулы аймақтарда көшкін қаупі сақталады», - делінген министрліктің хабарламасында.



Сонымен қатар онда облыс бойынша көшкін қаупі бар 61 учаске және 416 мұздақ көл бар екені айтылады.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22