Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі

Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі Сурет: Рrimeminister.kz

Ол 10 маусымда Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды.


Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі


Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Абай облысындағы өртке қатысты тергеу үш нұсқаны қарастырып жатқанын айтты7


Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері министрден билік қай нұсқаға көбірек мән беріп отырғанын сұрады.



"Тергеу жүріп жатыр, әдейі өрт қою нұсқасы бар. Істі арнайы прокурорлар қарайды. Бұл топта Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бар, көреміз. Әдейі өрт қою, немқұрайлық, найзағай түсу нұсқалары бар. Сараптамалық және іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді", – деп жауап берді Марат Ахметжанов.



БАҚ өкілдері "Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіліп жатқан жоқ па?" деп сұрады.



"Президент Бас прокурорға тапсырма берді, соның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі төтенше жағдай, адамдар қайтыс болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неге дер кезінде шара қолданбаған, немқұрайлылық болуы мүмкін. Қызметтік міндеттерін орындамау", – деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22