Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды Сурет: ашық дереккөз

Талдықорған Полиция басқармасының бастығы ұсталды. Ол 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.



"Талдықорған қалалық полициясының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі ("Адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.



Мән-жай соталды тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, зерделенеді.


Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22