Салафит депутаттар назардан тыс қалмайды

Салафит депутаттар назардан тыс қалмайды Сурет: ашық дереккөз

Соңғы кездері дін тақырыбында әртүрлі көзқарастар қалыптасты. Әрине, мемлекет ішінде дін мәселесіне қатысты түрлі көзқарастың болуы мүмкін емес.


Осы тұрғыдан алғанда алдағы күндері Парламент қабырғасында дінге қатысты заңды талқылаулар жүреді деп күтілуде,-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық консультациялар өткізе бастамақ. Ол мәселе Қауіпсіздік кеңесіне шықпаса да, Парламент палаталарының спикерлері, кеңес мүшелері, күштік құрылым басшылары өзара жаңа шешімге келетін болады. 


Мәжіліс пен Сенат спикерлеріне сақалдылардың соңғы қылықтары мүлде ұнамай отыр. Оған қоса Мәжіліс депутаттарының өз арасында салафизмді астыртын қолдау әрекеттері байқалып қалған. Әзірге люстрация туралы әңгіме қозғалған жоқ. Бірақ латентті салафит депутаттар қарындашқа ілінді.


Мемлекеттің кері реакциясына соңғы уақытта шетелдегі эмиссарларынан тапсырма алған салафиттердің жер-жерлерде ұйымдасып, елдегі білім жүйесіне, ұлттық дәстүрге, аспаптарға "харам, ширк" деп қарсы көтерілгені себеп болды. Егер сақалдылар "орамал" митингіне шығатын болса, полицияға өте батыл қимылдауға толық карт-бланш берілген. 


Болашақта салафизмді Қазақстаннан біржолата кетіру бойынша кешенді стратегия қабылдау идеялары айтыла бастады, деп жазды dalainside телеграмм каналы.  


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22