Ресейде көлік ұрлаған алматылық Қарағандыда ұсталды

Ресейде көлік ұрлаған алматылық Қарағандыда ұсталды Сурет: Gov.kz

Қылмыс: Алматы тұрғыны Ресейден көлік ұрлаған


Ресей Федерациясының Новосібір қаласынан Toyota Camry маркалы автокөлік ұрланғаны туралы ақпарат Павлодар облысының полициясына келіп түскен, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Хабарламаны алғаннан кейін жедел түрде аталған автомашинаның Қазақстан шекарасынан өтіп, Павлодар – Нұр-Сұлтан тас жолымен жүргені анықталған.



«Бағдар дереу осы автожол учаскесінде жол қауіпсіздігін жүзеге асыратын патрульдік полиция ротасының барлық бекеттеріне таратылды. Біраз уақыттан кейін аталған автокөлік Екібастұз ауылдық аймағының Байет ауылы маңындағы Шідерті кенті бағытындағы тас жолда тіркелді. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің талабына тоқтамады», – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.



Toyota Camry маркалы автокөлігі Шідерті кентінің жанармай құю станциясында ұсталды. Салонда болған жүргізушінің Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ер адамның құжаттары болмай шыққан. Полиция жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты бірқатар әкімшілік материалдар қозғалғанын атап өтті.


Автокөлік айып тұрағына қамалды. Шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде ұстау туралы ақпарат іздестіру бастамашысына хабарланды. Автокөлік пен материалдар Ресей Федерациясы ІІМ әріптестеріне берілетін болады.









Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22