Пайдалы бутербродты қалай жасауға болады?

Пайдалы бутербродты қалай жасауға болады? Сурет: Menslife.com

Сарапшы ақ наннан бас тартуға кеңес береді


Асығыста жегенге, әрі тез дайындалатын бутербродтар мен сэндвичтар сияқты фаст-фудтардың зиян екені айтылғалы көп болды. Десе де, олардың құрамын өзгертіп, өз қалауымызша әзірлеп алу өз қолымызда. РЕН-тв сайтының "Денсаулық" айдарында тамақ тұтынуға, дұрыс тамақтануға қатысты тағы бір диетолог маманның кеңесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі


Әдетте бутербродтар мен сэндвичтер зиянды тағамдар деп саналады. Бірақ оларды пайдалы етудің жолы оңай, деп мәлімдеді дәрігер-диетолог Нурия Дианова. 


«Қарапайым бутербродта жасұнық жеткіліксіз болады. Бутербродқа салат жапырағын немесе бір-екі қияр мен қызанақты қосқан жөн. Бастысы, бутербродты шынымен пайдалы ету, шартты түрде бутербродтың 100 грамына тағы 100 грамм жеміс немесе көкөністер, ең дұрысы - 200 грамм қосқан жөн», - деді ол. 


Диетологтың айтуынша, жүрек жалғап алар тағамда көкөністер нан мен етке, шұжық немесе сырға қарағанда екі есе көбірек болуы керек. Мұндай жағдайда тіскебасар пайдалы бола түседі. 


Жақсы бутербродты әзірлеу үшін дәрігер тағы бір шартты айтты. Сарапшы ақ нанды тұтынудан бас тартуға кеңес береді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22