Өзбекстан соты ақтағандардың арасында қазақтар да бар

Өзбекстан соты ақтағандардың арасында қазақтар да бар Сурет: интернеттен

Барлығы 240 азамат ақталды.


Өзбекстан Совет одағы кезінде қудаланған азаматтарды ақтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Өзбекстан Жоғарғы соты совет билігіне қарулы қарсылық көрсеткені үшін (басмашылар қозғалысы) қудаланған 240 азаматқа қарсы бес қылмыстық істі қайта қарап, олардың бәрін ақтады. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.



Мәліметке қарағанда, ақталғандар қазіргі Қарақалпақстан, Сұрқандария, Науаи, Самарқан және Қашқадария облыстарында 1929-1931 жылдары «совет билігіне қарсы қарулы бүлік жасаған». Олар Өзбек ССР және Қазақ ССР азаматтары.



Биыл 19 сәуірде де Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 1930-1931 жылдары репрессияланған 208 өзбекстандыққа қарсы үш қылмыстық істі қарап, олардың бәрін ақтаған.


Бұл азаматтар 1930-1931 жылдары Орта Азия бірлескен мемлекеттік саяси бюросы үшжақты кеңес шешімі негізінде Сібірдегі лагерьлерге айдалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22