Мұқасан ШАХЗАДАЕВ, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері: Болашаққа сенім мол!

Мұқасан ШАХЗАДАЕВ, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:  Болашаққа сенім мол!

– Біз өз таңдауымызды жасадық. Дәлірек айтқанда, өзіміз тіркелген жеріміз бойынша №157 сайлау учаскесінде дауыс бердік. Қазақ елінің тізгінін ұстар айбынды, отаншыл рухтағы азаматқа даусымызды бердік. Осы сәтті пайдаланып айтарым, мемлекет басқаратын адамның бойынан бірнеше қасиет және айрықша мінездерді көргіміз келеді. Еліміздің жаңадан сайланатын басшысы халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының артуына өз үлесін қосып, түйткілдерді тарқатады деген ниеттеміз.


Ауылдардан келген қаракөздеріміз алып шаһарларда тірлік қылуда. Көбісі қиырдағы, қияндағы ауылдың азаматтары мен азаматшалары. Сонымен қатар баспана мәселесі шешімін тауып, алдағы уақытта жас отбасылар үйлі-жайлы болады деген үміттеміз. Тағы бір қоса айтатын дүние бар. Ол, әлбетте – жұмыссыздық. Өздеріңіз көріп отырғандай, президент болу оңай шаруа емес. Осыншама қыруар тірлік алдағы сайланатын мемлекет басшысының мойнына артылайын деп тұр. Соңғы уақытта еліміз еңсесін түзей бастады. Бәрі бірден орнай қалмас. Десе де, алға ұмтыла берген абзал. Өйткені Отанымыз, мемлекетіміз, кең байтақ жеріміз бәрімізге ортақ, ағайын!


Болашаққа сенім мол!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22