Мерзімінде құрылысты аяқтай алмаған мердігер мекемені Алматы әкімдігі сотқа берді

Мерзімінде құрылысты аяқтай алмаған мердігер мекемені Алматы әкімдігі сотқа берді Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы әкімдігі №48 мектеп-лицей ғимаратын реконструкциялау мерзімін бұзғаны үшін мердігерлік ұйымды сотқа берді


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бюджет қаржысына салынатын проблемалық құрылыс және реконструкциялау нысандарын аралап көріп, 2021 жылдың шілдесінде басталған №48 мектеп-лицей ғимаратын қайта жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Құрылыстың нормативтік мерзімі – 10 ай. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты 2022 жылы жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізілді. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды. «Риголит» ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты міндеттемелердің сапасыз орындалуына байланысты сотқа талап арыз берілді. Қазір сот процесі жүріп жатыр.


Бүгінде нысан 99%-ға дайын. 1 және 2 блок бойынша ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді, ішкі инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталды. 3, 4, 5 блок бойынша барлық монолитті жұмыс аяқталды, инженерлік желілер жүргізіліп, қосылды, ғимараттың шатыры мен терезе блоктары орнатылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. 3, 4, 5 блокты сыртқы әрлеу, аумақты абаттандыру және жабдықты реттеу жұмыстары қолға алынды. 
Оқу жылының басында нысанды пайдалануға беру көзделіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22