Коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша Алматы қаласы көш басында тұр

Коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша Алматы қаласы көш басында тұр Сурет: 24.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 946 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды


Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«7 қараша күні 946 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 328, II компонентін – 618 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 7 қараша аралығында қалада 1 002 547 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 951 627 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 018 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22