Көлігіне жалған нөмір таққандар куәлігінен айырылады

Көлігіне жалған нөмір таққандар куәлігінен айырылады Сурет: Алау-ТВ

Бұрын тек айыппұл салынатын.


Енді бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылу қаупі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Парламент Мәжілісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжатта автокөлік жүргізушілеріне жазаны қатаңдату нормасы көзделген.


Заң жобасы Президент тапсырмасын іске асыру үшін әкімшілік жауапкершілікті көздей отырып, байланыс және интернет саласында тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында әзірленді.


Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нәзилә Раззақтың айтуынша, ұсынылып отырған маңызды түзетулердің бірі автокөліктердің мемлекеттік нөміріне қатысты.



«Автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөліктерге жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір таққаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулікке қамауға алу қарастырылып отыр», деді депутат.



Сондай-ақ байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзғаны үшін, яғни интернет сапасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмеу бойынша айыппұл сомасы ұлғаяды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22