Қытайдың Ухань қаласында тырысқақ ауруы тіркелді

Қытайдың Ухань қаласында тырысқақ ауруы тіркелді Сурет: Novorab.ru

Науқаста диарея, құсу, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер болған.


Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тырысқақ (холера) ауруының алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі жергілікті штабқа сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Тырысқақ ауруына күдікті науқас 9 шілде күні Ухань университетінің жатақханасында анықталған. Науқаста диарея, құсу, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер болған. 


Тексеруден кейін аурудың тырысқақ екені анықталды. Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің бақылауында. 


Жергілікті билік Ухань университетіне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді, осы университеттің студенттері мен оқытушылары арасында ішек инфекцияларының алдын алу және күресу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22