Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді almaty-akshamy.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қыркүйек күні жер сілкінісін тіркеді.


Оқиға Алматы уақытымен таңғы сағат 07:06-да болған.


Жерасты дүмпуінің ошағы - Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым қашықтықта Қытай мен Қырғызстан шекарасы аумағында.


«Зілзаланың энергетикалық класы 10.8. Магнитудасы - 4.7. MPV. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.


Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық сейсмологтар Алматыдан оңтүстікке қарай 426 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеген.


Сондай-ақ, осыдан екі күн бұрын да Қытай аумағында 4.7 магнитудалы зілзала болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09