Қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағында есірткіге қарсы операция жүргізіледі

Қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағында есірткіге қарсы операция жүргізіледі Сурет: ашық дереккөз

Қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағында есірткіге қарсы операция жүргізіледі.


Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  



«Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қамқорлығымен «Канал-Перехват» есірткіге қарсы операциясын өткізу жөніндегі ұйымдастыру кеңесі аяқталды. «Канал-Перехват» операциясы 2023 жылғы қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдардың қатысуымен жүргізіледі. Қатысушы елдердің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі мен іс-қимылын үйлестіруді Алматы қаласындағы ОАӨАОО – Орталық Азия өңірлік есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығының алаңында орналасқан Халықаралық үйлестіру штабы жүзеге асырады», - деді Шұғыла Тұрлыбек апталық брифинг барысында.



Оның атап өтуінше, бақылаушылар ретінде Үндістан, Иран, Қытай, Моңғолия, Сирия, Түрікменстан, Өзбекстан құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар – Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі өңірлік басқармасы, ШЫҰ-ның терроризмге қарсы өңірлік құрылымы, ТМД кеден қызметтерінің құқық қорғау бөліністері басшыларының комитеті қатысуды жоспарлап отыр.



«Операцияның негізгі міндеті – жаңа психоактивті заттар айналымының жолын кесу, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында Ауғанстан мен Ираннан ауған апиынының контрабандалық арналарын жою, трансұлттық есірткі топтарының қызметінің жолын кесу, заңсыз айналымнан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды алу. Кездесуде сондай-ақ 2023 жылы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағындағы есірткі ахуалының өзгеруінің соңғы үрдістері, оның осы жылдың екінші жартыжылдығындағы даму болжамдары талқыланды», - деді ІІМ өкілі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22