Кентауда 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды

Кентауда 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды Cурет: Ашық дереккөз

«Көктөбе» аймағы қала көшелерімен есептегенде 540 метр биіктікте орналасқан


Түркістан облысы Кентау қаласында 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


1 мамыр мерекесіне орай Кентау қаласында «Көктөбе» демалыс аймағы пайдалануға берілді. Жалпы құны 100,367 млн теңге болатын жоба аясында 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды. Жан-жағы абаттандырылып, орындықтар, көлік тұрағы мен қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейне камералар қойылды.


Іс-шара барысында Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиеа және ақсақалдар көпшілікті мерекемен құттықтады.


Жалпы, «Көктөбе» аймағы қала көшелерімен есептегенде 540 метр биіктікте орналасқан. Сол тұстан қаланың барлық аймағын еркін тамашалауға болады. Бүгінгі таңда, қала әкімдігі тарапынан демалыс аймағының маңайына мейрамхана, қонақ үйлер салуға инвесторларды тарту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05