Қазақстанның түркі әлеміндегі рөлі сөз болды

Қазақстанның түркі әлеміндегі рөлі сөз болды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан – Түркі әлемі, Түркі мемлекеттері үшін әрқашан қасиетті Қарашаңырақ, Атажұрт.



Әзербайжанның "Мәңгілік Бірлік" жастар ұйымының кезекті қонағы "Alatau-Aqparat" медиа холдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы болды.


Зум әлеуметтік желісі арқылы өткен кездесуге Әзербайжан, Түркия және өзге де түркі елдерінің белсенді жастары, сонымен бірге, Әзірбайжанның Turan музыкалық тобының жетекшісі Эльшад Алекперов қатысып, сұрақтар қойды.


Өз сөзінде Ержан Қалымбайұлы Қазақстанның Түркі әлеміндегі рөлі, сондай-ақ Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы байланыстың нығайып келе жатқаны туралы нақты мысалдармен айтып берді.  


Оның сөзінше, Қазақстан – Түркі әлемі, Түркі мемлекеттері үшін әрқашан қасиетті Қарашаңырақ, Атажұрт. Сондықтан түркі бірлігін қалыптастыруда маңызы зор нақты бастамалары арқылы ірі қадамдар жасап келеді. Ол сондай-ақ 2009 жылы Нахчыван декларациясы нәтижесінде құрылған Түрік мемлекеттері ұйымының түркілік интеграцияға соны серпін берді деп санайды.


Қазір жыл сайын құрылтай өтеді, барлық салада министрлер деңгейінде нақты жұмыстар күргізіліп жатыр. Түркі елдерінің көшбасшылары тек аталған ұйым шеңберінде ғана емес, екіжақты кездесулерде де өзара байланысты күшейткен. Әсіресе, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев арасындағы қарым-қатынас бауырлас елдер байланысын жаңа деңгейге шығарды.


Сонымен қатар, Ержан Қалымбайұлы Әзербайжан мемлекет басшысының ұзақмерзімді ақылды әрі көреген саясаты арқасында өз жерін кері қайтарып алуын Түркі Әлемі үшін, жалпы қазіргі сын-қатерге толы жаһан саясатындағы ерекше оқиға деп бағалайтынын жеткізді.    


"Мәңгілік Бірлік" жастар ұйымының төрағасы Шахин Әлиев те мол мағлұмат берген қонаққа алғысын айта отырып бауырлас ел басшыларының экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды қарқынды дамытуда ерекше рөл атқарып отырғанына тоқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22