Қазақстандық оқушылар математикадан төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар математикадан төрт медаль жеңіп алды Сурет: Ашық дереккөз

Онда әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты


Қазақстан құрама командасы Словенияның Порторож қаласында өткен қыздарға  арналған Еуропалық математикалық олимпиадасында (EGMO) төрт медальға ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Олимпиада 2023 жылғы 13-19 сәуір аралығында өтті. Онда әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. Еліміздің намысын Астана мен Алматы қалаларынан және Павлодар облысынан төрт оқушысы қорғады. 
Қатысушылар математикадан жеке тапсырмалар орындап, қорытынды бойынша төрт оқушы да орын алды:


Мерей Темирзинова (Астана қаласы) – күміс медаль;
Анастасия Одинцова (Павлодар облысы) – күміс медаль;
Ақерке Нурахметова (Алматы қаласы) – күміс медаль;
Амира Кенбаева (Алматы қаласы) – қола медаль.


Айта кетсек, Қазақстан Еуропалық математикалық олимпиадасында 2017 жылдан бері қатысып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22