Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазір 500-ден астам гидротехникалық нысан әбден тозып тұр

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазір 500-ден астам гидротехникалық нысан әбден тозып тұр inbusiness.kz

Су ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпараттық-сараптамалық жүйесін жасау керек. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазір 500-ден астам гидротехникалық нысан әбден тозып тұр. Тіпті, оның 200-інде төтенше жағдай туындау қаупі бар. Кезінде кейбір су қоймалары бұзылып, қайғылы оқиға болғанын білесіздер. Осындай жәйттің алдын алу үшін гидроқұрылымдар жан-жақты тексерілуге тиіс. Апаттық жағдайда тұрған және қараусыз қалған нысандарды бақылауға алу керек. Қауіп-қатерлер картасын жасау қажет. Төтенше жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін қатерлердің алдын алу үшін нақты шараларды қолға алған жөн. Сондай-ақ Су ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпараттық-сараптамалық жүйесін жасау керек», – деді Мемлекет басшысы.



Президенттің айтуынша, үнемшіл болмасақ, таза су беретін жаңа нысандарды іске қосқанмен, тапшылықты жоя алмаймыз. Су шаруашылығы нысандарын орталықтандырып басқаруға жауапты кәсіпорындардың жұмысына талдау жүргізіліп, соның барысында олардың тиімділігінің төмендігі анықталды.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, су шаруашылығы мен гидромелиорациялық жүйелерді қайта құруға бағытталған халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері дұрыс игерілмей отыр. Сонымен қатар бұл салада кадр мәселесі де маңызды. Үкімет су шаруашылығы мамандарын дайындайтын базалық университетті белгіледі.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы саладағы басқару жүйесінің өзін қайта жүктеу керек екенін тапсырды. Осы орайда «Қазсушарды» қаржылық жағынан тұрақты ұйымға айналдыру керек. Ол су шаруашылығын өзгертуде жетекші рөл атқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22