Елімізде 29,3 млн гектар жер іске жарамсыз

Елімізде 29,3 млн гектар жер іске жарамсыз Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда жер пайдаланушылардың немқұрайлығынан 90 млн гектар аумақ эрозияға ұшыраған.


Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Жергілікті халықты жайылыммен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Қазіргі уақытта жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге немқұрайлығынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті жерлер 90 млн гектардан асады, оның 29,3 млн гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз», - деді Е. Қарашөкеев Үкіметтің бүгінгі отырысында.



Осыған байланысты, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп, жердің одан әрі тозуын болдырмау, әсіресе, елді мекендер маңындағы жем-шөп алқаптарын жақсарту шаралары жүргізілуде.



«Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері цифрландырылды, бұл республиканың 272, 5 миллион гектар аумағының 75 пайызын құрады. Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтермен толығып, халықтың жайылымға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін жердің жем-шөп сыйымдылығы туралы ақпаратты қамтиды. Бұл карта 2024 жылдың соңында аяқталады және ауыл шаруашылығы жерлерін одан әрі қайта бөлуге мониторинг жүргізуге негіз болады», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.



Айта кетейік, Қазақстанның 15 облысында мал жаю үшін 8,9 млн гектар жер жетіспейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22