Елді қаржы пирамидасына арбаған ерлі-зайыптылар ұсталды

Елді қаржы пирамидасына арбаған ерлі-зайыптылар ұсталды Сурет: Kabar.kg

Қаржы пирамидасын құрғандардың ізі кесілді


Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Елімай 2019» тұтыну кооперативі түрінде қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар Е.Кизбаев пен Ж.Өмірбаеваны ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша Алматы облысында және еліміздің басқа өңірлерінде «Елімай 2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуде. Күдіктілер Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қазіргі уақытта алдын ала тергеу органына 125-тен астам зардап шеккен адам жүгінді, жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Осыған байланысты Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті зардап шеккен азаматтарды Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі, 11а мекенжайы бойынша немесе +7 (727) 251-71-06 сенім телефонына хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22