Бір жылда еліміздегі жылыжайлар алаңы 18% қысқарған

Бір жылда еліміздегі жылыжайлар  алаңы 18% қысқарған Сурет: Sputnik.kz

Кейінгі жылы Қазақстандағы жылыжайлар алаңы 18,1%-ға қысқарды.


Жалпы елімізде көкөніс, көшет пен гүл өсіруге арналған 1,5 мың гектарға жуық жылыжай аумағы бар. Дегенмен іс жүзінде оның тек 1,2 мың гектары ғана қолданылып отыр. Ал қалған 270,5 гектар мақсатты пайланылмай келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Energyprom.kz мәліметінше, бұл жағдай жылыжайдан алынатын көкөністер көлемінің төмендеуіне себеп болып отыр. Былтыр фермерлер жабық жерде өсірілген 182,4 мың тонна қияр мен қызанақ жинады. Ал 2021 жылы жылыжайдан алынған өнім 256,5 мың тонна болған еді. Яғни, көрсеткіштер үштен біріне төмендеген.


Ішкі нарыққа шығарылатын жылыжай көкөністерінің басым бөлігі еліміздің оңтүстік аймақтарынан жеткізіледі. Өйткені, климаты қатал Солтүстік пен Шығысқа қарағанда мұнда өнім өсіруге жұмсалатын шығын аз. Мәселен, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы қазақстандық базарлар мен дүкендердің сөрелеріне барлық жылыжай көкөністерінің 76,3% жеткізеді. Бұл ретте Түркістан облысының фермерлері көш бастап тұр.


Ал бағаға келетін болсақ, жылыжай көкөністерінің құны азық-түлік инфляциясының көрсеткішінен едәуір асып түседі. Мәселен, сұраныс жоғары желтоқсаннан наурызға дейінгі аралықта бұл өнімнің келісі 957-ден 1244 теңгеге дейін көтеріледі. Яғни, өсім 47,5%-56,8% аралығында.


Маусымаралық кезеңде қызанақтың бағасы да бір келісіне 1 000 теңгеден асты. Дегенмен қиярмен салыстырғанда бұл өнім арзан. Атап айтқанда, қызанақтың құны шамамен 20%-32%-ға өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22