Би театры: жаңа маусым

Би театры: жаңа маусым Суретті түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры 55-маусымының ашылуына орай баспасөз конференциясын өткізді. Жиынға театр директорының орынбасары Елена Толмачева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гульфида Гафурова, балет әртісі Айнұр Мұқашева, педагог Айжан Қырымбаева қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Баспасөз конференциясынан кейін театр көрермендеріне Ц.Пунидың музыка сына «Гудулла – Эсмеральданың анасы» және Ж.Бизе – Р.Щедринның музыкасына «Кармен-Сюита» балеті ұсынылды.



Балеттің сюжеті В.Гюгоның Нотр-Дам соборы романының желісінде негізделген. Болат Аюхановтың қойылымының сюжеті романнан хореографиялық оқылуы жағынан соңы шексіз бақытпен аяқталатынымен ерекшеленеді. Хореография, Пунидің жанға жайлы әдемі музыкасы, жарқын кейіпкерлер, динамикалық сюжет, классикалық вариациялар, әртүрлі триолар мен кейіпкерлердің grand pas-тары театрдың негізін қалаушы Болат Аюхановтың туған күні қарсаңында балет мерекесіне орай ұйымдастырылды.


Қойылымда Айя Мелис, Дияр Акенев, Мади Қасымов, Алажар Қарабалаев, Дана Жексенбі және Айым Садуақасова сынды балет әртістері өнер көрсетті.


Ж.Бизе – Р.Щедринның музыкасына, Б.Аюхановтың қойылымында «КарменСюита» балетінде басты партияда Айнұр Мұқашева, Хозе – Еламан Тиыштықбай, Тореро – Алан Шакен, рок – Алия Курабаева.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22