Балаңызды цифрлық аутизмнен сақтаңыз!

Балаңызды цифрлық аутизмнен сақтаңыз! сурет: ашық дереккөз

Гаджеттер баланың ақыл-ойының дамуына кері әсер етеді.


Смартфон, компьютер сынды кез келген гаджетте тәулігіне 4 сағаттан артық отыратын балалар аутизмге бейім болады. Бірқатар зерттеулер жүргізген румыниялық психолог Мариус Замфир осындай қорытындыға келді.  



Аутизм - бұл мидың бұзылуымен байланысты даму ерекшелігі. Аутизмге шалдыққан балада әлеуметтік коммуникация мен әлеуметтік өзара іс-әрекет бұзылады. Яғни бала адамдармен дұрыс сөйлесе алмайды, нағыз өмірге бейімсіз болады.



Цифрлық аутизмда үлкен болсын, кіші болсын, адамдар бір-бірімен ұзақ уақытқа созылатын психологиялық байланыс орната алмайды, олар басқа адамның ішкі жан дүниесіне қызықпайды. Балалар бір-бірімен емес,  телефонмен ойнап уақыт өткізе береді.


Ал ересектер ерлі-зайыпты болсын немесе бір-біріне ғашық болған қыз бен жігіт те кездесу кезінде бір-бірімен сөйлесудің орнына, смартфондарымен уақыт өткізуді қалайды.


Қазіргі заманның балалары орта есеппен алғанда, 2-3 жасынан бастап 18 жасқа толғанға дейін 60-70% уақытын онлайн өткізеді екен. Мұндай балалар мен жеткіншектердің ойлау қабілеті дұрыс қалыптаспайды немесе тежеліп қалады.

АҚШ-тың Педиатрия академиясы екі жасқа толмаған балаларды гаджеттерге мүлде жолатпауға, одан үлкендерің екі сағатпен шектеуге нұсқау берді. Ресейлік психотерапевтер де виртуалды кеңістікте өмір сүретін балаларда «цифрлық аутизм» пайда болғанын анықтаған. Мұндай адамдар кәдімгі қарым-қатынастан біртіндеп қаша бастайды.


Дертті асқындырмау үшін ата-аналардың өздері телефондарын тастап, балаларымен әңгімелесіп, ойнау керек. Бір сөзбен айтқанда, балаларды гаджеттен аулақ ұстаған абзал. Ата-аналар да балалардың көзінше телефонды көп қараса, балаға кері әсер етеді. Цифрлық аутизмнің зияны шаш-етектен. Сондықтан ата-аналардың балаға көп көңіл бөлгені дұрыс.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22