Алматының мониторинг топтары тойды тоқтатты

Алматының мониторинг топтары тойды тоқтатты Сурет: Almaty-akshamy

Ұйымдастырушылар жауапқа тартылады. 


Мейрамханаларда, кафелерде, дүкендерде, сұлулық салондарында, автосалондарда және компьютерлік клубтарда түнгі тексеру жүргізілді. Мониторинг топтарының өкілдері бұзушыларға карантин талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


25 тамызда қаланың Наурызбай ауданындағы «Самир» мейрамханасында тексерушілер көп қонақ шақырылған тойды тоқтатты. Бұл факт бойынша материал жиналды, үйлену тойын ұйымдастырушылар жауапқа тартылады. 


Тамыздың 24-інен 25-іне қараған түні мониторинг топтарының өкілдері қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантиндік талаптары бойынша 17 бұзушылықты анықтады. 


1 қаңтардан 25 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген тексерулер 36 228 объектіні қамтыды, карантиндік шараларды бұзған 3390 объектілер анықталды. 5457 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға шамамен 199 млн теңгеге 565 хаттама  толтырылды. Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін шамамен 215 млн теңгені құрайтын 4892 хаттама жасалды. 


Карантин ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 75 іс жіберілді, 65 іс бойынша қызметті тоқтату туралы шешімдер қабылданды. Қазіргі уақытта Алматы қаласының соттары тұрақты тәртіп бұзушыларға қатысты 8 істі қарауда. 


Қала әкімдігі азаматтарды карантиндік шектеулерді сақтауға, рұқсат етілген жұмыс кестесінен тыс ойын-сауық мекемелеріне бармауға және маска режимін ұстануға шақырады. 


Айта кетерлігі, Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай шиеленісіп тұр. 26 тамызда КВИ инфекциясының 1561 жаңа жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда  5765 адам бар, оның 166-сы балалар. Реанимация бөлімінде 469 науқас жатыр, 26 адам ӨЖЖ аппаратына, 196 адам  инвазивті емес ӨЖЖ аппаратына, 216 науқас High flow  аппаратына  қосылған. 


Бүгінде 12 868 науқас үйде АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтарының  бақылауында.





 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22