Алматылық оқушылар халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Алматылық оқушылар халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Байқауға әлем бойынша 30 мыңға жуық оқушы қатысқан.


Алматыдағы физика математика-бағытындағы NIS оқушылары Рамазан Әміре мен Сымбат Барсағазы дайындаған «Aenoica» жобасы әлемнің үздік зымыран құрастырушыларының арасынан топ жарып, үздік атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.


Жоба кураторы, 11-сынып оқушысы Райымбек Әбілбектің айтуынша, идея жаңа технологияларды енгізуге негізделген.



- Біз 300 мың тұрғынның үйіне айналатын станция құрып қана қоймай, кванттық коммуникацияларды, технологиялық дамыған агрокультураны пайдалана отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін құрдық. Біздің жоба үздіктер қатарына енгеніне қуаныштымын, - деді Райымбек.



Ғарыштық қоныстар – АҚШ-тың NASA ұйымы ұйымдастырған 7-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі байқау. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оқушылар мен студенттер қатысып, еркін ғарыштық қоныс тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс істейді. Биыл байқауға әлем бойынша 30 мыңға жуық оқушы қатысып, алматылық оқушылар 1-орынды иеленді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22