Алматыда жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту кезінде кәсіпкерлерге қысым жасалған

Алматыда жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту кезінде кәсіпкерлерге қысым жасалған Сурет: Ашық дереккөз

Әкімшілік кедергілер алынып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды


Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту кезінде әкімшілік кедергілер мен бизнес-субъектілердің құқықтарына қысым жасау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомстводан хабарлағандай, жер комиссиясы өзінің міндетіне кірмейтін жер учаскесін жаңа мерзімге жалдау шартын жасасуға өтінімдерді қарастырған. Осыған байланысты департамент уәкілетті органға бұл тәжірибені тоқтатуды және өтініштерді кері қайтарып алуды ұсынды.



«Бүгінгі таңда жер комиссиясының қарауындағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өтініштері кері қайтарылды. Сондай-ақ, Жер кодексінің 37-бабы тәртібінде оларға жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқықтары жаңа мерзімге берілді. Осылайша департаменттің араласуынан соң әкімшілік кедергілер алынып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды»,- деп жазды Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45