Алматыда жарылған жылу желісі қалпына келтірілді

Алматыда жарылған жылу желісі қалпына келтірілді Cурет: Baq.kz

Алматыдағы Саин көшесінің оңтүстік-батысы, Ұлықбек көшесінің қиылысындағы жылу трассасының жарылды


«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і Саин көшесінің оңтүстік-батысы, Ұлықбек көшесінің қиылысындағы жылу трассасының жарылу салдары жойылғанын хабрлады. 


19 наурызда орын алған апаттан кейін диаметрі 700 мм құбыр сегментін қалпына келтіру аяқталды. Жылу трассасы сынақтан кейін қайтадан қатарға қосылды және қалыпты режимде жұмыс істейді. 



«Ұлықбек – Саин – Жандосов - Ясауи көшелерінің шаршысында ыстық су мен жылу беру қалпына келтірілуде»,-делінген хабарламада.



Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) дербес іс-қимыл жасамауды және болған оқиға туралы "АлЖЖ" ЖШС-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне тәулік бойы жұмыс істейтін +7 727 3780665 нөмірі немесе сағат 08:00-ден 18: 00-ге дейін қоңырау қабылдайтын +7 727 341 0777 нөмірі арқылы хабарлауды сұраймыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22