Алматыда жаңа велосипед жолағы пайда болды

Алматыда жаңа велосипед жолағы пайда болды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жаңа велосипед жолағы Манас көшесінің батыс жағынан Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін жасалған. Сондай-ақ, Манас көшесі бойымен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін ені 3 метр және ұзындығы 400 метрге жуық велосипед жолы салынды, көше бойында тұрақ орындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Осылайша, Шевченко мен Сәтбаев көшелерінде орналасқан велосипед жолақтары өзара байланысты. 


Жаңа велосипед жолақтарын жайластыру велосипедшілердің оқшауланған велосипед жолақтарымен қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге және жол қозғалысында келеңсіз жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді. 


Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін аталған жол учаскесінде қосымша жол белгілері орнатылады. 



Жалпы, ағымдағы жылы қала бойынша 3 км вело инфрақұрылым жабдықталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматының даму жоспары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22