Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды Сурет: Polisia.kz

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.


Алматыда еңбек қызметін заңсыз жүргізген нигериялық азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматының Бостандық ауданындағы Қазақфильм ықшамауданындағы корпустардың бірінен Нигерияның 4 азаматы анықталды. Олар еңбек қызметін заңсыз жүргізіп, жұмысшы болып жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.



Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесуге және басқа да заңсыз әрекеттерді анықтауға бағытталған “Участок” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22