Алматыда Түркияда жүрген құтқарушының сәбиі дүниеге келді

Алматыда Түркияда жүрген құтқарушының сәбиі дүниеге келді сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Нәрестеге Ясмина деген әдемі есім берген.


Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерді іздестіру-құтқару жұмысына атсалысып жатқан құтқарушы Біржан Байқұловтың отбасында қуаныш болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 



«Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің зардабын жоюға қатысып жатқан қазақстандық құтқарушылардың үлкен командасының құрамындағы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Біржан Байқұловтың бүгін Алматыда қызы дүниеге келді. Қызға Ясмина деген әдемі есім берген.


Біз ержүрек құтқарушымызды қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз және оған зор денсаулық тілейміз. Ал Біржанның өзіне Отанына тезірек аман-есен оралуына тілектеспіз! Қызметі үшін алғыс айтамыз!» - делінген Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22