Алматыда тергеу изоляторындағы сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті

Алматыда тергеу изоляторындағы сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті Сурет: Polisia.kz

Алматыда тергеу изоляторындағы сотталғандар арасында Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.


Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №72 мекемесіндегі шаруашылық қызметіндегі сотталғандар арасында Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтем жасап. 


Салтанатты мереке Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, сотталғандардың Ата заң туралы өлеңдерін оқуға жалғасты.



«№72 мекемесінде 50 адам өз жазаларын шаруашылық қызметінде жұмыс істеп өтеп жатыр. Шаруашылық қызметіне алғаш рет жеңіл қылмыс жасағандар іріктеліп алынады. Олардың арасында әртүрлі мамандық иелерімен қатар, өздерінің өнерімен де ерекшеленетін сотталғандар бар. Еліміздің Ата заңы қабылданған күнге арналған мерекеде олар тек өнерлерін ғана емес, спорттық шеберліктерін де көрсетті», – дейді сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие бөлімінің бастығы Кәдірбек Тұрлыбеков.



Мереке соңы сотталғандар арасындағы спорттық жарысқа ұласты. Турникке тартылу және кеудені жерден көтеруден жарысқа түскен сотталғандар арасында ең үздіктер анықталды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22