Алматыда «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді

Алматыда «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді Cурет: Полиция

Психотроптық - «мефедрон»


 Алматы қаласының 27 жастағы тұрғынынан психотроптық заты бар 23 оқшауланған байлам тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




«Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар психотроптық - «мефедрон» болып табылады.  Патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысының тумасын ұстады.  Ол осы 23 дозаны біздің ауданға таратуды жоспарлағаны анықталды.  Патрульдік полиция қызметкерлері тыйым салынған препараттар бар-жоғын сұрағанда, ер адам қолында есірткі байламдары бар екенін бірден мойындады.  Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде есірткісі бар ораусыз байлам мен ірі көлемдегі ақша табылды және тәркіленді. ҚР ҚПК-тің 128 бабына сәйкес ҚР ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігінің 1,3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінген адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.



Адамдар тобының алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз иемденуі, сақтағаны және өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09