Алматыда Орталық Азия аймақтық форумы өтуде

Алматыда Орталық Азия аймақтық форумы өтуде Сурет: Orda.kz

Алматыда Орталық Азия, Кавказ, Моңғолия және Ауғанстан елдерінің аймақтық форумы басталды.


Оған 10 елдің бизнес өкілдері қатысып жатыр. Олар аймақтағы геосаяси жағдай аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, бірқатар панельдік отырыс өткізеді6 деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


24.kz ақпаратына сүйенсек, форумда экономика, геосаясат, IT-сала, адами капитал және туризм тақырыптары қозғалады. Қатысушылар Орталық Азия аймағындағы әйелдер көшбасшылығы мәселелерін де талқылайды. Тәлімгер әйелдер саяси жағдайда бизнесті жүргізу бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.



«Біріншіден, бұл бизнесмендерге көбірек ынтымақтасуға, көбірек араласуға мүмкіндік береді. Яғни, CAMСA аймақтық бизнес-форумы сияқты платформалар адамдардың бір-бірімен араласуы үшін жақсы алаң болып табылады. Біз аймақтың қандай мүмкіндіктері бар, болашағы қандай екенін талқыладық. Серіктестер таптық», - дейді форумға қатысушы Сардор Мухамедалиев.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22