Алматыда колонияға ақша өткізбек болған тұрғын анықталды

Алматыда колонияға ақша өткізбек болған тұрғын анықталды Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесіне әйел адам сотталғанға ақша өткізуге тырысты


Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің № 12 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде тыйым салынған заттарды алып өту фактісінің алдын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Сотталған ағасына ұзақ кездесуге келген әйел адам, сөмкесінің ішіне ақша тігіп алған. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде тексеру кабинетінен 5000 және 10 000 теңге номиналындағы ақша табылып, тәркіленді.


Ескертулерге қарамастан, сотталғандардың туыстары мен жақын адамдары талаптарды орындамай, мекемедегі сотталғандарға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерін жалғастырып жатыр, – деп атап өтті мекеме бастығы Ермек Күздеубай.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22