Алматыда көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды

Алматыда көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды Cурет: Polisia.kz

Ұрлықшы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты


Алматыда көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Алғашқы арыз полицияға 15 қаңтарда келіп түсті. Белгісіз біреу қала тұрғынының Mercedes көлігінен бүйір айналарын ұрлап кеткен. Бірнеше күннен кейін тағы үш бірдей сигнал келді. 



«Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Ол 30 жастағы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Негізінен ол Mercedes көліктерінің бүйір айналарын ұрлаған. Шамасы, оларды сатуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта оның 3 ұрлық жасағаны дәлелденді. Басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жалғасуда», – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев. 



Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен полиция қызметкерлері бүйір айналардың бірнеше жиынтығын тәркіледі. Анықталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22