Алматыда кейбір  бағыттардың сызбалары өзгереді

Алматыда кейбір  бағыттардың сызбалары өзгереді almaty.tv

Қала тұрғындардың өтініштері бойынша 26 тамыздан бастап  №132 бағыт ұзарады. Енді ол Көкорай көшесінен кейін Рысқұлов көшесімен Емцов көшесіне дейін - Райымбек даңғылы- Розыбакиев көшесі - Төле би көшесі - Брусиловский көшесі - Абай даңғылы «Сайран» метро станциясына дейін жүріп өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Кері бағытта ол Абай даңғылының бойымен Тілендиев көшесіне дейін, Төле би көшесі - Розыбакиев көшесі - Райымбек даңғылымен Крылов көшесіне дейін жүріп өтіп, онда кері бұрылып, Райымбек даңғылымен Немирович-Данченко көшесі - Рысқұлов даңғылының бойымен жүріп өтеді, бұдан әрі схема бойынша. 


Сонымен қатар, Қажымұқан көшесінің бойындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты 26 тамыздан бастап №2 және №48 бағыттар қозғалыстың тұрақты сызбалары бойынша жүреді.





Алматы қаласының Көлік холдингі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22