Алматыда ерлер арасында волейболдан ел чемпионаты басталды

Алматыда ерлер арасында волейболдан ел чемпионаты басталды Сурет: Bartendaz.ru

Cегіз команда өнер көрсетеді. 


Алматыда қаласында «Достық» спорт кешенінде волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІ Қазақстан чемпионатының бірінші туры басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Биыл Ұлттық лигада сегіз команда өнер көрсетеді.


Атап айтқанда, «Атырау», «Есіл-СК» (Петропавл), «Буревестник» (Алматы), «Тараз», «Алтай» (Өскемен), «Павлодар», «Ұшқын-Көкшетау» және «Жайық» волейбол клубы (Орал) алаңға шығады.


Биылғы бір жаңалық, «Маңғыстау» клубы Ұлттық лигада ойнаудан бас тартқандықтан, оның орнына «Жайық» командасы қосылды. Көп жылғы үзілістен кейін бұрын «Конденсат» деп аталған оралдық клуб элитаға қайта оралды.


Бүгін алғашқы ойында «Ұшқын-Көкшетау» командасы «Есіл-СК» клубын 3:1 есебімен жеңіп кетті.


Сондай-ақ бастапқы күні «Тараз» - «Жайық», «Алтай» - «Павлодар», «Атырау» - «Буревестник» клубтары өзара кездеседі.


Ел чемпионы әрі кубок иегері «Атырау» мен Қазақстан кубогының финалисі «Буревестник» бүгін суперкубокты да сарапқа салады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Алтай» волейбол клубының қатарынан алтыншы рет ел кубогын ұтып алғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22