Алматыда бірнеше көлік соқтығысып қалды

Алматыда бірнеше көлік соқтығысып қалды Сурет: Egemen.kz

Алматыда Байзақ батыр және Әшімов көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 30 қазан күні кешке Байзақ батыр көшесімен батыс бағытта келе жатқан «Тойота» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, Әшімов көшесінің қиылысында келе жатқан «Лада» көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Lada көлігі Опель көлігіне соғылған. Салдарынан алты адам зардап шекті, оның ішінде бір бала бар. Олар ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы қалалық ПД тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.



Аталған істі Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өндіріске қабылдады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22