Алматыда 900-ден астам тергеу тұтқынындағылар дауыс берді

Алматыда 900-ден астам тергеу тұтқынындағылар дауыс берді

Бүгін Алматы қаласындағы №72 мекемесіндегі (тергеу изоляторы) тергеу тұтқынындағылар да ертемен мекемеде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. 
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104-бабының 3-бөлігінде көзделгендей, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандардан басқа күдіктілердің сайлауға қатысуға құқықтары бар. Аталған санатқа тергеу тұтқынындағылар мен соттың үкімі әлі күшіне енбеген, жасы он сегізге толғандар жатады. 
Кезектен тыс Президент сайлауын ұйымшылдықпен өткізуге Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесінде Алматы қаласы, Түрксіб ауданы әкімінің шешімімен тергеу изоляторы орналасқан аумақ бойынша №479 сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бекітілді.
Осыған орай Президент сайлауын өткізу үшін 5 кабина жабдықталды.  Кезектен тыс президент сайлауы күні 908 тергеу тұтқынындағы және сот үкімі заңды күшіне енбегендер дауыс берді»,  - дейді №479 сайлау учаскесінің төрағасы, әділет подполковнигі А.Аманжолов.
Мекемеде ұстау режимін сақтау мақсатында изоляторлардың камераларынан дауыс беретін учаскеге дейін қосымша посттар ұйымдастырылып, дауыс берушілердің қозғалыс маршруты бекітілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22