Алматы полициясы “Жол қозғалысы туралы” ҚР Заңына енген жаңа нормаларды түсіндіруді қолға алды

Алматы полициясы “Жол қозғалысы туралы” ҚР Заңына енген жаңа нормаларды түсіндіруді қолға алды Сурет: Polisia.kz

Заңды түсіндіру жұмыстары қала көшелерінде науқан форматында өтуде.


Ол “Q88” қазақстандық урбанистер қауымдастығының белсенді қатысуымен және “Freedom” холдингінің қайырымдылық қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Ақпараттық жұмыс аясында полицейлер мен еріктілер жол қозғалысына қатысушыларға электр самокаттарды пайдаланудың жаңа ережелерін түсіндіріп жатыр. Сонымен қатар микромобиль көлігін пайдаланушылар арасында дулығалар мен жарық шағылыстыратын кеудешелерді ойнату жоспарланған.


Еске сала кетейік, 30 тамызда “Жол қозғалысы туралы” ҚР Заңына, атап айтқанда, максималды жобалық жылдамдығы сағатына 25 шақырым болатын көлік құралы ретінде танылған электр самокаттарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, электр самокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен қозғалады. Олар болмаған жағдайда заңда белгіленген шарттар мен тыйым салуларды ескере отырып, электр самокаттарға жүру бөлігінің оң жақ жиегімен жүруіне рұқсат етіледі. Сондай-ақ электр самокаттардың жүргізушісі кемінде 18 жаста болуы керек, оның үстінде бекітілген дулыға және шағылыстыратын киім болуы қажет, сонымен қатар кез келген санаттағы көлік жүргізу куәлігі болуы керек.


Жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақпен электр самокаттарын жүргізу кәмелеттік жасқа толған және кез келген санатты жүргізуге құқығы бар адамдарға рұқсат етіледі. Ережелердің бірін бұзған жағдайда жүргізушілер әкімшілік заңнаманың екі бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады: ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу). Аталған баптардың санкциялары бойынша құқық бұзушыларға 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22