Әлеуметтік желілерде жалған хабарламалар тарататын 43 шетелдік аккаунт анықталды

Әлеуметтік желілерде жалған хабарламалар тарататын 43 шетелдік аккаунт анықталды Cурет: Inform.kz

Қаскөйлер Қазақстан полициясының қызметін теріс қырынан көрсеткен


Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін ел азаматтарының қоғамдық санасын бақылау үшін ақпараттық соғыс басталды. Ресми органдардың ескертулеріне қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.  


«Бұл ақпараттық шабуылдардың түпкі мақсаты құқық қорғау органдарының беделін түсіру ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесін әлсірету болып табылады. Жалған хабарлардың негізгі бөлігі елден тыс жерлерден таратылады. Бүгінде әлеуметтік желілерде шетелде тіркелген 43 аккаунт анықталды. Қаскөйлер Қазақстан полициясының қызметін теріс қырынан көрсетеді, алайда алғашқы күндері қарусыз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен солар болатын», - деп мәлімдеді спикер.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22