Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тапшылығы болжанбайды

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тапшылығы болжанбайды Сурет: Strategy2050.kz

ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар басқарманың ерекше бақылауында тұр.


Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е.Оразалиннің айтуынша,  қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға бар күш жұмсалуда.


Ол үшін қазіргі уақытта қалада өндірушілерде дайын өнім мен шикізаттың жеткілікті көлемі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Бұл қорлар күн сайын ел өңірлерінен фермерлер мен тауар өндірушілер әкеліп  толықтырылуда, сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы болжанбайды.



"Екіншіден, ірі жеткізушілерге, өндірушілерге және сауда желілеріне жеңілдетілген несие беру тетігі енгізілді, бұл делдалдар тізбегін айналып өтіп, сөрелердегі сату бағаларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.


Түркістан облысының өндірушілерімен ерте пісетін қырыққабатты жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді, бірінші партиясы қазірдің өзінде қала сөрелеріне келіп түсті. Мамыр айынан бастап тамыз айының соңына дейін 7 мың тоннадан астам картоп, пияз және сәбіз жеткізіледі. Шілде айынан бастап Алматы облысынан 3,5 мың тонна көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) жеткізу жоспарлануда", - дейді Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е.Оразалин.



5 мың тонна картоп және 2 мың тонна сәбіз отырғызу үшін Павлодар облысының тауар өндірушілеріне 300 млн теңге бөлу жоспарлануда.


Нан бағасын ұстап тұру мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ қорынан қаланың ұн тарту кәсіпорындарына субсидияланған астықты жеткізу жалғасуда. Әлеуметтік нанның сату бағасын белгілеу үшін «Алматыдән» ЖШС-не 150 млн теңге мөлшерінде айналым заемын бөлу жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22