Ақпараттық орталыққа өтініш білдіретін қандастар көбейіп келеді

Ақпараттық орталыққа өтініш білдіретін қандастар көбейіп келеді Сурет: M.azh.kz

2020 жылы 5065 адам, 2021 жылдың 5 айында 2177 қандас өтініш білдірген.


«Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» ұйымына хабарласатын кандастар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Орталық қызметі «Байланыс орталығынан» және  облыстардағы «Фронт-кеңселерден» тұрады. Қандастарымыз «Отандастар қоры» бірыңғай ақпараттық орталығының 1404 телефон нөмеріне тегін қоңырау шалып, кеңес ала алады.


Қазақстанға көшіп келген қандастардың бейімделуіне, жәрдемдесу және шетелдегі отандастарға ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» жұмыс істеп келеді.



«2019-2021 жылдың маусымына дейінгі аралықта орталыққа елімізге қоныс аударған қандастар мен шетелде тұратын этникалық қазақтардан барлығы 10690 өтініш келіп түсті», – деді «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов 12 шілде күні «Шетелде тұратын қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту туралы» тақырыбында брифинг барысында.



Мамандардың айтуынша,2019 жылы орталыққа хабарласып, өтініш білдіргендердің саны  – 3448 болған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 5065 жетті, ал 2021 жылдың 5 айында – 2177 адам өтініш білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22