6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Сурет: Ашық дереккөзі

Жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады


Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


"Қазгидромет" РМК таратқан мәлімет бойынша, жаңбыр, қар жауады.


"Елдің шығысында, оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанды. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын, тұман болады", –  делінген хабарламада.
Сондай-ақ, синоптиктер 6-8 қаңтарға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды.


Астана


6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 аяз.


7 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 аяз.


8 қаңтар – күн бұлтты болып, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0-2 жылы.


Алматы


6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 7-9 градус жылы.


7 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 3-5 жылы.


8 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 5-7 жылы.


Шымкент


6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 жылы.


7 қаңтар – көшпелі бұлтты, ауық-ауық жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 9-11 жылы.


8 қаңтар – көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін жаңбыр жауады.  Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 9-11 жылы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22