2023 жылы Алматыда екі қазандықты реконструкциялау жұмыстары аяқталады

2023 жылы Алматыда екі қазандықты реконструкциялау жұмыстары аяқталады news.myseldon.com

Алматыда ағымдағы жылдың 11 айында 203,9 шақырым сумен жабдықтау және канализация желілері салынды.


Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


2023 жылы Қарғалы өзенінде су тартқыш құрылысы аяқталып (50 мың адамды қамту),  «Ерменсай» су тартқышының жобалау-сметалық құжаттамасы түзетіледі, Ақсай өзеніндегі су тартқыштың құрылысы жалғасады (100 мың адам). Бұл обектілер пайдалануға берілген кезде, қаланың 170 мың тұрғыны сапалы сумен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа,  шамамен 170 мың тұрғынды қамти отырып, 217 шақырым жаңа сумен жабдықтау және су бұру желісі салынады.



"Сондай-ақ 540 мың тұтынушыны қамтитын 2 подстанция: «Алмагүл», «Тұздыбастау» подстанциялары мен электр желілерінің құрылысы аяқталады. 450 мың тұтынушыны жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 2 қазандықты: «Оңтүстік аудандық қазандығы» мен «Премьера» қазандығын реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Бұл ретте, тозу деңгейін төмендету үшін жылу желілерін реконструкциялау көлемі алдағы жылы 15 шақырымға дейін 3 есе ұлғаяды" - деді Е.Досаев.



Инженерлік желілердің тозуын едәуір төмендету үшін коммуналдық қызметтерді көрсету сапасын жақсарту  мақсатында 2023 жылдан бастап үш жылдың ішінде «Инвестицияларға айырбастау тарифі» жаңа тарифтік саясаты кезең-кезеңімен енгізіледі.



"Барлық өңірлер үшін маңызды мәселеге тоқталғым келеді. Бүгінде Алматыда жобалау және құрылыс кезінде жиі болатын қателіктерден инженерлік желілерде жүктеме артады. Қазақстанның Doing business-тегі рейтингін жақсарту шеңберінде 2016 жылдан бастап жобаларды келісу кезеңі алынып тасталды, нәтижесінде инженерлік желілер жүйесінде теңгерімсіздік пайда болды. Қазір бұл тек Алматы қаласының ғана емес, басқа өңірлердің де басты проблемасына айналып отыр" - деді шаһар басшысы..



Осы жағдайдан шығу үшін инженерлік желілерге қосылу бойынша жобалық шешімдерді келісу кезеңін қайта бастау ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22