Қазақстан Журналистика академиясы «Алатау Ақпараттың» экошарасын қолдады

Қазақстан Журналистика академиясы «Алатау Ақпараттың» экошарасын қолдады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Академия жетекшісі Сағымбай Қозыбаев ағаштарды суғарды.


Қазақстан Журналистика академиясы «Алатау Ақпараттың» челленджін жалғастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Үстіміздегі жылдың жазғы маусымы ерекше ыстық болғандықтан, қаладағы ағаштар қурай бастады. Осы ағаштарды құтқару мақсатында «Alataý Аqparat» ЖШС «Ағаштарды аялайық!» челленджін қолға алып, мекеме айналасындағы, сондай-ақ былтыр Абай даңғылының бойына өздері отырғызған жасыл желекке су құя бастады. Аталған челлендждің мақсаты мен мұраты – қаладағы барлық мекемені өзіне қарасты, сондай-ақ жақын маңдағы ағаштарға қамқорлық жасауға шақыру болған. Бүгін бұл бастаманы Сағымбай Қозыбаев жалғастырды. 



«Мына екі қалалық «Алматы ақшамы» мен «Вечерний Алматы» газеттерінің бастамасы өте тамаша деп ойлаймын. Біздің Қазақстан Журналистика академиясы бұл бастаманы колдайды. Екі-үш айдан бері байқап жүрмін, Алматыда жаңбыр аз, жер кеуіп барады. Сол себептен біз бастаманы қолдап, міне, үйімнің жанындағы бес-алты ағашты суғарудың сәті түсті. Бұл ағаштарды әрі қарай да қараусыз қалдырмай, күтіп-баптау керек», – деді Қазақстан Журналистика академиясының президенті.



 «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Almaty» газеттерінің қызметкерлері қолдарына шелек алып, жақсы істі бастап та кетті. Осы орайда, өзге әріптестерімізді де челленджді жалғастыруға шақырамыз. Айта кетейік, «Alataý Аqparat» ізгі бастаманы Қазақстан Журналистер одағына, «Вечерний Almaty» – «Новое поколение» газетіне, ал «Almaty aqshamy» – «Қазақ үні» газетіне жолданған болатын.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22